Алматыда алғаш рет босқындар арасында «Бейбітшілік ойындары» өтті

Алматыда алғаш рет босқындар арасында «Бейбітшілік ойындары» өтті

24 наурыз 2025, 11:34
Қазақстан футбол федерациясы Тұрақты даму бағытындағы маңызды бастамаларды жалғастырып келеді. Оның ішінде, әлеуметтік жобаларды қолдап, инклюзивті футболдың дамуына үлес қосып жатыр. Соның жарқын мысалы Алматыдағы «Бейбітшілік ойындары».

Бұл іс-шара УЕФА және UNHCR Kazakhstan (БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі) серіктестігімен «Қайрат» футбол академиясы базасында ұйымдастырылды.

Турнирге шабыт берген – әр жылы өтетін UEFA UNITY EURO Cup турнирі. Бұл жарыс футбол арқылы түрлі мәдениеттегі адамдарды біріктіріп, шекараларды жояды.

«Бейбітшілік ойындары» – бұл жай ғана футбол емес, достықтың, бірліктің және үміттің символы. Спорттың адамдарды жақындастырып, жаңа мүмкіндіктер сыйлай алатынын тағы бір дәлелдеген жоба болды.

Жарысқа қатысқан алты команда өздерінің шеберлігін, жеңіске деген жігерін және нағыз спорттық рухты көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Альфа

2 орын – Реал Алматы

3 орын – Милан

Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары да марапатталды:

Үздік қақпашы – Талеби Армин

Үздік қорғаушы – Орфан Астафа

Үздік шабуылшы – Гулмухаммад Фротан

Үздік сұрмерген – Саитов Шамиль

Үздік ойыншы – Нурияр Фарух

Қазақстан футбол федерациясы бұл турнирге атсалысқан барлық қатысушыларға, серіктестер мен қонақтарға алғысын білдіреді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары