Әділбек Жұмаханов: «Ертең жеңісті жолымызды бастаймыз»

Әділбек Жұмаханов: «Ертең жеңісті жолымызды бастаймыз»

25 наурыз 2025, 03:21
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Лихтенштейнмен өтетін ойын қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысты.

– Бұл ойын біз үшін өте маңызды. Бапкердің қойған тактикасы және сол жүйеге сәйкес алаңға кімді шығаратыны ертең белгілі болады. Егер маған сенім артқан жағдайда 100 пайызға дайынмын. Биыл «Елімай» командасына ауыстым. Ойын тәжірибем жеткілікті. Сол себепті өзіме деген сенім мол. Ертеңге ойын жақсы өтеді деп ойлаймын. Бапкерлердің қойған тактикасын жүзеге асырып, алдынғы ойындардағы қателіктерден сабақ алып, ертең жеңісті жолымызға түсеміз деп сенемін.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары