Георгий Жуков: «Ұлттық құрамаға оралғаныма өте қуаныштымын»

Георгий Жуков: «Ұлттық құрамаға оралғаныма өте қуаныштымын»

25 наурыз 2025, 03:22
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Лихтенштейнмен өтетін ойын қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысты.

Ұлттық құрамаға оралғаныма өте қуаныштымын. Біздің құрамада жас ойыншылар көп. Олардың болашағы зор. Ертең тартысқа толық дайынбыз және жеңіске жетуге ұмтыламыз. Бастапқы құрамды бапкеріміз анықтайды, алғашқы минуттан бастап шығатын ойыншылардың барлығы жүз пайыз дайын болады деп айта аламын.

Ең біріншіден футболшының дайындығы өзіне байланысты деп ойлаймын. Тынбай жаттығып, спорттық режим сақтап, кәсіби тұрғыда дайындалсаң қайда ойнасаң да ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ, менің көп уақыт тәжірибем болмады және жаңа маусым алдында толық оқу-жаттығу өткізбедім. Сондықтан, осы жағынан әлі де 100 пайыз өз бабыма келе қойған жоқпын. Дегенмен, физикалық тұрғыда көп жаттығып, өз қалпыма келуге еңбек етіп жатырмын.

Ұлттық құрамада қысым үнемі болады. Бірақ, біздің ертең жеңіске жетеміз деген үмітіміз бар. Барша қазақ жанкүйерлерінен қолдау күтеміз. Елге қуаныш сыйлау үшін барымызды саламыз. Дайындығымыз жақсы. Лихтенштейннен 3 ұпайды алып қайтамыз деп сенемін.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары