Қазақстан U-16 құрамасы ұлттық академиясы «Динамо Тбилисимен» тең түсті

Алаң иелері ойынның 18-минутында пенальтиден гол соғып алға шықты, алайда араға 10 минут салып Давид Заречный Артем Шалыгиннің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді. Кездесудің соңына дейін есеп өзгермей ойын 1:1 нәтижесімен аяқталды.
«Динамо Тбилиси» U-17 – Қазақстан U-16 академиясы – 1:1 (1:1)
Қазақстан U-16 академиясының голы: Заречный 28 (1:1)
Қазақстан U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ), Рахимбаев, Турищев (Оразғалиев 40), Жұмагелді, Лисохмар (Жақұпов 40), Дұтпаев (к) (Оспанов 40), Болат (Қамбар 40), Шипицин (Хизметов 40), Бабашев (Дәуренов 58), Шалыгин (Маратов 58), Заречный (Дәулетұлы 50);
Резерв: Заманбек (қ), Қаси, Қуанышев, Дәуренов, Дәулетұлы, Хизметов, Қамбар, Оспанов, Жақұпов, Маратов, Оразғалиев
25.04.2025. «Динамо Тбилиси» академиясы, Тбилиси.