ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді
23 ақпан 2025, 16:39

Іс-сапар барысында Федерация президенті Марат Омаров Шандор Чаньиге ҚФФ кеңсесінде таныстыру экскурсиясын өткізіп, федерацияның қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ Футбол үйіндегі манежді көрсетті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда футболды дамыту, ФИФА және УЕФА ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бұған қоса, футбол бастамаларын жүзеге асыруда өзара қолдау көрсету қажеттігі жайлы өзекті мәселелерді талқыланды.
Шандор Чаньи жаңадан ҚФФ президенті болып сайланған Марат Талғатұлын қызметімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ФИФА мен УЕФА Қазақстанда футболдың дамуын жан-жақты қолдауға дайын екенін ерекше атап өтті.
Жаңалықтар
21 ақп., 20:56
21 ақп., 20:55
20 ақп., 15:26
16 ақп., 16:30