Қазақстан құрамасы сырт алаңда жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы сырт алаңда жеңіске жетті

26 наурыз 2025, 02:57
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің кезекті ойынын Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнмен өткізді. 

Кездесуді Вадуц қаласының «Райнпарк» стадионы қабылады. Бірінші таймда Әли Әлиев командасы екі гол соқты. Ең алдымен Марат Быстровтың берген пасын Максим Самородов голға айналдырды. Үш минуттан соң Максим Самородов айып добынан нәтижелі пас шығарып, Александр Марочкин ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.  

Үзілістен кейін есеп өзгерген жоқ. Қазақстан құрамасы J тобының турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді. Біздің жігіттер іріктеу кезеңінің келесі ойынын 9 маусым күні Астанада Солтүстік Македония құрамасымен өткізеді. 

Лихтенштейн – Қазақстан – 0:2 (0:2)

Голдар: Самородов 42, Марочкин 45

Ескертулер: Обервадицер 45 – Оразов 19

Лихтенштейн: Бюхель (қ), Трабер, Визер, Обервадицер, Хофер (Нотаро 68), Зеле (Шлегель 82), Хаслер (к), Люхингер (Вольфингер 77), Киндле (Цюнд 46), Саланович, Пицци (Саглам 68);

Резерв: Фозер (қ), Эри (қ), Бек, Шедлер, Малин, Лоренц, Нетцер;

Бас бапкер: Конрад Фюнфштюк;

Қазақстан: Сейсен (қ), Вороговский (Жагоров 72), Быстров, Әліп (к), Марочкин, С.Астанов, Жуков, Оразов (Тағыберген 64), Самородов (Кенжебек 64), Чесноков (Жақсылықов 72), Сәтпаев (Э.Астанов 77);

Резерв: Анарбеков (қ), ​Заруцкий (қ), Тапалов, Жұмаханов, Жақсыбаев, Мужиков, Айымбетов;

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Әли Әлиев.

Төрешілер: Джон Битон, Дэниэл Макфарлейн, Дэвид Макгичи, Дэвид Дикинсон (барлығы - Шотландия);

VAR төреші: Кевин Клэнси (Шотландия)

VAR көмекшісі: Йонас Хансен (Дания).

26.03.2025. «Райнпарк» стадионы, Вадуц, Лихтенштейн. 1 132 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары