Қазақстан WU-19 қыздар құрамасының Еуро-2024/25 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

Қазақстан WU-19 қыздар құрамасының Еуро-2024/25 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

27 наурыз 2025, 10:00
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Мальтада өтетін 2024/25 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Орынбасар Дәуренбекова баптайтын команда 24 наурыз күні «Қайрат» ФК базасында оқу-жаттығу жиынын бастады.

ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңінде Қазақстан WU-19 құрамасы «В» Лигасының 3 тобына Косово, Латвия мен Мальта құрамаларымен бірге түсті. Матчтар 1-7 сәуір күндері Мальтада өтеді.

Алты топтың жеңімпаздары мен екінші орынды иеленген үздік команда (төртінші орын алған командаларға қарсы нәтижелер есепке алынбайды) келесі маусымның бірінші кезеңінде А лигасына көтеріледі.

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («Ұлытау»), Балауса Серікбай (№8 БЖМОРСМ);

Қорғаушылар: Айзада Әділбек, Жансая Бауыржан, Жансұлу Нұрғазина, Саидахон Зайнутдинова, Ажар Шөкетаева (бәрі – №8 БЖМОРСМ ), Жансезім Айсапар, Нұрсая Сұлтан, Жібек Жақсыбай (бәрі – «Ордабасы»), Карина Ботабек («Ұлытау»), Александра Набокова («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Адина Бейбіт, Аминат Биғожина, Аяулым Байсейіт (бәрі – №8 БЖМОРСМ), Махмутова Эльвира («Ордабасы»), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Адина Ізімбай («Мадрид», Испания), Анастасия Перейма («Астана»), Аружан Сәдуақасова («Томирис-Тұран»), Жанель Таласбаева («Қайрат»);

Шабуылшылар: Адия Асқарова (БЖМОРСМ №8), Юлия Шрам, Олеся Шаповалова (екеуі де – «Шахтер»), Эльнура Катран («БИІК-Шымкент»);

Бапкерлік штаб: Орынбасар Дәуренбекова – аға бапкер, Валентина Пенькова – бас бапкердің көмекшісі, Қазыбек Мамиленов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ботагөз Құсайынова – дәрігер, Лайла Есімжанова – массажист, Гүлназ Әлиева – бейнеоператор, Рахат Әкімқұл – менеджер.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің ойын кестесі:

1 сәуір

Қазақстан WU-19 – Латвия WU-19

 

4 сәуір

Косово WU-19 – Қазақстан WU-19

 

7 сәуір

Мальта WU-19 – Қазақстан WU-19

Бөлісу
Жоғары