Астанада қыздар арасында футзалдан QFSQL Студенттік лигасының финалдық кезеңі басталды

Астанада қыздар арасында футзалдан QFSQL Студенттік лигасының финалдық кезеңі басталды

28 сәуір 2025, 10:41
2025 жылдың 28 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде колледждер мен университеттер арасында қыздар арасындағы Қазақстан студенттік футзал лигасының (QFSQL) финалдық ойындары өтеді.

Еліміздің 11 облысы мен қаласынан келген 15 үздік команда — 6 университет және 9 колледж ұжымдары — чемпиондық үшін бақ сынайды.

Финалға қатысатын университеттер:

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.);

  • Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент қ.);

  • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ.);

  • Назарбаев Университеті (Астана қ.);

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ.);

  • «Туран» университеті (Алматы қ.).

Финалға қатысатын колледждер:

  • Қарағанды жоғары BOLASHAQ колледжі (Қарағанды қ.);

  • Талғар жоғары медициналық колледжі (Алматы облысы);

  • Шымкент жоғары педагогикалық колледжі (Шымкент қ.);

  • Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі (Астана қ.);

  • Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық жоғары колледжі (Петропавл қ.);

  • Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, Мұрын жырау Сенгірбекұлы атындағы (Ақтау қ.);

  • №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі (Алматы қ.);

  • Талдықорған жоғары медициналық колледжі (Талдықорған қ.);

  • Ақтөбе индустриялық-кәсіби колледжі (Ақтөбе қ.).

Барлық матчтар Қазақстан футбол федерациясының KFF Zhastar YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 3-4 мамыры күндері командалардың бапкерлері мен өкілдеріне арналған D санатты жаттықтырушы лицензиясын алу бойынша оқу курсы ұйымдастырылады.

Бөлісу
Жоғары