Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында дебют жасап, рекорд жаңартты

Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында дебют жасап, рекорд жаңартты

20 наурыз 2025, 15:54
«Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ұлттық құрама сапында дебюттік матч өткізді.

Сонымен қатар Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатып, ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанды.

Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты, осылайша, Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартты. Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.

Бөлісу
Жоғары